"Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академия" өкілдері ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде дәріс оқыды
"Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академия" өкілдері ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде дәріс оқыды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінде «Дерадикализация бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұлттық дәрежеде семинар өткізілді.

27 сәуір ҚазҰУ-дың дінтану, исламтану студенттері еліміздегі дерадикализация саласының білікті мамандарымен кездесті. Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы құттықтау сөзбен бастады. Одан кейін «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры, РАТТ мүшесі Тимур Нүсіпханұлы «Деструктивті діни ағымдардың танымы тарихы күніміздегі көріністері» деген тақырыпта баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қандай да бір ұлт өзінің мәдениеті мен дәстүрінен жерісе, радикалды топтардың қақпанына оңай түсіп қалатынын ескертіп, «Абай жолынан» ұтымды мысалдар келтірді, ата-бабамыздың қалдырған мирасын түсінуге әрі келер ұрпаққа жеткізуге аса ден қоюымыз керектігін атап көрсетті.

Одан кейін «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сайранұлы «Террористік ұйымдардың медиадағы әрекеттері» тақырыбында мазмұнды презентациясымен баяндама жасады. Жастар арасында аса танымал платформаларға қатысты статистикалармен бөлісіп, медианың радикал топтардың құралы екенін, сол арқылы сананы улап рухани аштыққа апаратынын білдірді. Сөз соңында әлем және отандық әдебиеттен мысалдар келтіру арқылы тыңдаушылардың құрышын қандырды және болашақ мамандарды кітап оқуға, білім ізденуге құлшындырды.

Семинар соңында спикерлерге алғыс хат табысталып, бұл кездесудің жаңа бастамаларға себеп болатыны талқыланды. Тимур Нүсіпханұлы студенттерді «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясына» шақырып, бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс білдірді. Студенттерге семинардан мол әрі пайдалы мәліметтерге қанықты.

Ұйымдастырған: Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Карыбаева А.Н., Аманқұл Т.О., Сарсембаев Р.М., Исламтану магистранттары.

www.kaznu.kz 

 

 

 

 

Назерке ЕлеусызбаеваНазерке Елеусызбаева
12 ай бұрын 3158
0 пікір
Блог туралы